«Ақерке» жекеменшік шағын орталығының директоры Агисова Гульнара Туркменбаевна. 07.10.1980 ж. дүниеге келген. Жоғары білімді, ІІ санатты. Еңбек өтілі 18 жыл. Балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен және оқытумен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 11 қараша 2011 жылы өз жұмысын бастады. Балабақша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Ақсу ш/а С.Сейтқазиев көшесі 114А ғимаратында орналасқан. Жұмыс кестесі бес күндік сағ 08:00-18:00-ге дейін. Балабақша сыйымдылығы 50 балаға арналған. Топ құрамы – 2. Атап айтсақ №1 «Балапан» кіші тобы, №2 «Еркелер» ортаңғы тобы. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қолайлы жағдай жасап, еліміздің жан-жақты жетілген азамат пен азаматшасы етіп тәрбиеленуіне ықпал етіп келеді. Сонымен қатар бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай оқу-тәрбие жұмыстары жүргізіліп, түрлі ұлттық ойындар ойнап дүниетанымын кеңейтеді және де 4 мезгіл тамақ қарастырылған. Мерекелік түрлі шаралар, тәрбие сағаттары, сайыстар өз деңгейінде ата-аналардың қатысуымен өтеді. Балабақша педагогикалық мамандармен толық қамтамасыз етілген. Ұжымда әдіскер Ажибаева Жансулу Абуовна жоғары білімді, І санатты, тәрбиешілер Иманбаева Асем Берекетовна орта білімді, ІІ санатты, Мендибаева Арухан Жумабаевна жоғары біліміді, Түгелбаева Қырмызы Дәулетқызы орта білімді қызмет етеді.







Сұрақ қою